«Қайсар» мен «Тұран» ұпай бөлісті

14.06.2021, 04:00
Жаңа бас бапкер тағайындаған «Қайсар» бір ұпайға ғана қол жеткізді.
«Қайсар» мен «Тұран» ұпай бөлісті

"Қайсар" Қазақстан чемпионатының 15-туры аясында "Тұран" клубын қабылдады. Матч Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, қызылордалық клуб бірнеше күн бұрын бас бапкер қызметіне Влалимир Никитенконы тағайындаған болатын. Қазақстандық маман алғашқы матчында тек бір ғана ұпайға қол жеткізді.

Бұл ойыннан кейін түркістандық клуб 16 ұпаймен он бірінші орынын сақтап қалды. "Қайсар" 8 ұпаймен ең соңғы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×