Жаңа бас бапкер тағайындаған «Қайрат» «Таразды» жеңді

14.06.2021, 02:00
«Тараз» қатарынан жеті матч бойы жеңістің не екенін білмей келеді, ал «Қайрат» қатарынан екінші матчта жеңіске жетті.
Жаңа бас бапкер тағайындаған «Қайрат» «Таразды» жеңді

"Тараз" Қазақстан Премьер-лигасының он бесінші туры аясында "Қайратты" қабылдады. Матч Тараз қаласындағы Орталық стадионда өтіп, 0:2 есебімен аяқталды.

Кездесудің 12-минутында оң қапталдағы Камо Оганесян екі ойыншыдан сытылып шығып, айып алаңына пас асырды. Ал дайын асқа тік қасық болған Вагнер Лав ашық қақпаны дәл көздеді. 67-минутта Фэйт Обилордың қателігін ұтымды пайдаланған Артур Шушеначев матчтың нүктесін қойды.

27-ші ұпайын қоржынға салған Кирилл Кекер шәкірттері турнирлік кестеде үшінші орынға жайғасты. Жамбылдық клуб 19 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×