«Астана» мен «Тобыл» жеңімпазды анықтай алмады

14.06.2021, 01:50
Қос команда да көш басында тұр.
«Астана» мен «Тобыл» жеңімпазды анықтай алмады

"Астана" Қазақстан Премьер-лигасының он бесінші турында "Тобылмен" кездесті. Матч "Астана Арена" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 29-минутында Неманья Николич оң қапталдан асырылған пасты баспен қақпаға бағыттап, есеп ашты. Ал бірінші таймның аяқталуына екі минут қалғанда "Тобыл" қақпасына пенальти белгіленді. Нүктеге келген Марин Томасов доп пен қақпашыны екі жаққа айырды.

Бір ұпайды қанағат еткен қос команда көш басында қала бермек. Елордалық клубта 35 ұпай, ал қостанайлық клубта 32 ұпай бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×