«Қайсар» ойыншылары жалақыларын қашан алады?

18.10.2011, 01:26
«Қайсар» ойыншылары жалақыларын қашан алады?
Қызылордалық «Қайсар» командасының жетекшілері ойыншылардың жалақыларын әлі күнге дейін өтей алмай келеді. Команда ойыншылары бүгінде тамыз, қыркүйек айының, сонымен қатар, қосалқы сый ретінде берілетін жалақыларынан  қағылып отыр. Бұл мәселе жөнінде ойыншылар әкімшілікке де жүгінген болатын. Билік басындағылар бұл мәселені қазан айының 5-6 күндері шешеміз деген болатын. Бірақ, бүгінде қазан айының ортасы болды, ол мәселе әлі де өз шешімін таппай келеді. Сонда жоғарыдағы көкелеріміз тағы да құрғақ уәдемен құтылғаны ма? Қазақстан Премьер-Лигасы «Қайсар» командасынан айырылып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан да жоғарыдағы келіспеушіліктің тез арада шешімін тапқан жөн болар! Али ҚОСАН
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×