«Қайсар» қақпашысы «Арсеналға» ауысуы мүмкін

09.01.2021, 01:36
Заруцкий бұл клубтың оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін Түркияға бармақ.
«Қайсар» қақпашысы «Арсеналға» ауысуы мүмкін

"Қайсардың" қақпашысы Александр Заруцкий "Арсенал Тулаға" ауысуы мүмкін. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет өзінің телеграм арнасында хабарлады.

27 жастағы Заруцкий ресейлік клубқа ауысу үшін сол клубтың орналасқан жеріне баратын болады. Ол соңғы екі маусымды өте жақсы өткізді, алдымен "Ертіс", содан кейін "Қайсардың" негізгі құрамынан ойып тұрып орын алды. Қақпашының сенімді ойыны РПЛ клубтарының назарынан тыс қалмады.

Қазір "Арсенал" 19 турдан кейін 14 ұпаймен 14-ші орында тұр, ал клуб Заруцкийді өзінің Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына шақырды.

Заруцкий өткен маусымда 17 ойынға қатысып, 20 гол жіберіп алды. Ал оның командасы маусымды жетінші орында аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×