Зинедин Зиданның «Реал Мадридтегі» ізбасары анықталды

08.01.2021, 22:02
Рауль дәл қазіргі сәтте «Реалдың» екінші командасын баптайды.
Зинедин Зиданның «Реал Мадридтегі» ізбасары анықталды

"Реал Мадрид" қазіргі бас бапкер Зинедин Зиданнан кейін команданы басқаруға қабілетті маманды анықтады.

AS басылымының хабарлауынша, корольдік клуб өздерінің "аңызға айналған" футболшысы Рауль Гонсалеске сенім артқысы келеді, ол қазір "Реал Мадридтің" екінші командасын жаттықтырады.

"Реал" тағы бір нұсқа ретінде "Тоттенхэм" клубының бұрынғы тәлімгері Маурисио Почеттиноны қарастырған еді, бірақ ол "Пари Сен-Жерменнің" бас бапкері болып тағайындалды.

Рауль "Реал Мадридтің" екінші командасын 2019 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның басшылығымен команда өткен жазда УЕФА Жастар лигасын жеңіп алды.

17 турда 36 ұпай жинаған "Реал Мадрид" Испания чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орынға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×