«Қайсар» Қазақстан құрамасының екі ойыншысымен қош айтысты

12.01.2021, 21:16
Бұл екі футболшының да құқығы «Тобылға» тиесілі.
«Қайсар» Қазақстан құрамасының екі ойыншысымен қош айтысты

Александр Марочкин мен Максим Федин қызылордалық "Қайсардан" кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.

30 жастағы Александр Марочкин "Қайсар" сапында 68 матч өткізіп, 4 гол соқты. Ал 24 жастағы жартылай қорғаушы Максим Федин "Қайсар" жейдесінде 15 кездесуге қатысып, 1 голды қанжығасына байлады.

Екі ойыншы да "Қайсар" сапында жалдау шарты бойынша ойнады және екеуі де "Тобылға" тиесілі футболшылар. Бұған дейін Фединнің "Уфаға" ауысуы мүмкін екендігі хабарланған болатын.

Еске салайық, күні кеше "Қайсардан" Кларенс Битанг пен Элвин Фортес кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×