«Қайсар» қазақстандық футболшымен толықты

29.03.2022, 16:48
Футболшы үшін өткен маусым өте сәтті өтті.
«Қайсар» қазақстандық футболшымен толықты

Қызылордалық «Қайсар» 21 жастағы жартылай қорғаушы Амал Сейітовпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Амал Сейітов – Алматы футболының түлегі. Кәсіби футболдағы мансабын жергілікті ЦСКА-да бастаған. Кейін «Жетісудың» жастар командасында ойнады.

Сейітов өткен жылы «Қыран» сапында өнер көрсетіп 19 матчта 8 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

Маусымаралық үзіліс кезінде футболшы «Қайсардың» оқу-жаттығу жиынына қатысып, бапкерлер құрамының көңілінен шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×