Пауло Дибала мансабын Испанияда жалғастырмақ

29.03.2022, 16:16
Футболшы өзінің отандасы баптайтын командаға ауысқысы келеді.
Пауло Дибала мансабын Испанияда жалғастырмақ

«Ювентус» шабуылшысы Пауло Дибала мансабын «Атлетико Мадридте» жалғастырғысы келеді, деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Дереккөздің мәліметінше, аргентиналық футболшы испаниялық клубты өзінің отандасы Диего Симеоне баптағандықтан, «Атлетикоға» ауысу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Симеоне де Паулоны өз командасынан көргісі келеді.

Бұған дейін «Ювентус» аргентиналық шабуылшымен келісім-шартты ұзартпайтынын мәлімдеген еді.

Дибала туриндік командада 2015 жылдан бері ойнап келеді. Шабуылшы осы маусымда 29 ойында 13 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×