Сергей Клещенко: «Қазақстан құрамасы команда ретінде мықты»

29.03.2022, 01:47
Молдованың жарақат алған ойыншылары ертеңгі ойынға дайын екен.
Сергей Клещенко: «Қазақстан құрамасы команда ретінде мықты»

Молдова құрамасының бас бапкері Сергей Клещенко Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Қазақстанмен болатын қарымта матч жайлы ойымен бөлісті.

- Ертең ойынға шығар алдында Кишиневтегі нәтижені есепке алатынымыз анық. Бұл кезеңнен өту үшін осы ойында гол соғуымыз керек. Содан кейін өз ойынымызды жоспарға сай құрастырамыз. Мүмкін, жасанды алаң бізге қолайсыздықтар туғызатын шығар, өйткені Қазақстан құрамасы осы төсенішке көбірек бейімделген. Негізінде бәрі жігіттерге, мотивацияға байланысты. Біз тек жақсы нәтижеден үміттіміз.

- Қазақстандық футболшылардың ішінде кімнің ойыны көбірек есте қалды?

- Бізге гол соққан Малый мен Зайнутдиновты айта аламын. Бірақ Қазақстан құрамасының команда ретінде мықты екенін айтқым келеді. Бұл ойынға жақсылап дайындалуымыз керек. Оларды команда ретінде қалай тотқтату керектігін ойлану қажет.

- Өткен ойында оң нәтижеге жету үшін не жетіспеді?

- Ойын біз үшін сәтті болды. Себебі бізде гол соғатын мүмкіндіктер жеткілікті болды. Бірақ футбол, өкінішке орай, қисынсыз спорт түрі болып табылады. Егер сізде басымдық болса, сіз жеңуіңіз керек. Қарымта ойында бәрі керісінше болады деп үміттенеміз.

- Алыс сапардан кейінгі ойыншыларыңыздың физикалық жағдайы қалай?

- Өткен ойында бізде жарақат алған футболшылар болды, бірақ, бақытымызға орай, олар қазір жазылды. Біздің дәрігер бүгін кешке олардың бізге көмектесуге дайын екенін айтты. Бірақ соңғы шешімді біз қабылдаймыз.

- Қазақстан мен Молдованы мықты команда деп санамайды. Олар Бразилия, Аргентина немесе Испания сияқты жоғары нәтижелерге қашан қол жеткізеді?

- Бразилия мен Аргентина сияқты ойнау үшін сол елде туылу керек. Қай жерде туылғанымызды, қандай екенімізді ұмытпайық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×