«Қайсар» сенімді түрде жеңіске жетті

22.10.2020, 20:50
Лобжанидзе чемпионаттағы кезекті голын соқты.
«Қайсар» сенімді түрде жеңіске жетті

Қызылордалық "Қайсар" Премьер-лиганың 14-турында Қарағандылық "Шахтерді" еш қиындықсыз жеңді. Матч Сегізбаев атындағы стадионда өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Кездесудегі алғашқы голды 36-минутта "Қайсар" клубының капитаны Асхат Тағыберген Лобжанидзенің пасынан кейін соқты. Ал 55-минутта Лобжанидзенің өзі гол соқты.

"Қайсар" осы жеңістің арқасында 20 ұпаймен бесінші орынға көтерілді. Ал Қарағандылық ұжым 16 ұпаймен алтыншы орынын сақтап қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×