«Ордабасы» «Жетісудан» басым түсті

22.10.2020, 20:55
«Жетісу» қатарынан төртінші матчта жеңіліске ұшырады.
«Ордабасы» «Жетісудан» басым түсті

Шымкенттік "Ордабасы" Премьер-лиганың 14-турында Талдықорғандық "Жетісудан" басым түсті. Талғардағы Ұлттық құраманың базасында өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды.

"Ордабасы" капитаны Пабло Фонтанелло 7-минутта Жоао Паулоның нәтижелі пасынан кейін есеп ашты. Ал 18-минутта Абдуллай Диакате пенальтиді сәтті орындап, есепті еселеді. 66-минутта Рубен Бриджидоның бағыттаған соққысын қақпашы Шабаев тоса алмай, голға айналдырды. Ал 73-минутта қосалқы құрамнан шыққан Айбар Жақсылықов гол соғып, есепті қысқартты.

Бұл ойыннан кейін "Ордабасы" 24 ұпаймен екінші орынға көтерілді. "Жетісу" 16 ұпаймен жетінші орынға тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×