Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде бір сатыға төмендеді

22.10.2020, 22:39
Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 118 орынға жайғасқан еді.
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде бір сатыға төмендеді

22 қазанда Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингісін жариялады.

Кезекті рейтингте Қазақстан ұлттық құрамасы 119-орынға (1153 ұпай) жайғасып, өткен аймен салыстырғанда бір саты төмендеді.

Әлем құрамалары арасында Бельгия футболшылары көш бастап тұр (1765 ұпай). Ал екінші, үшінші орындарға Франция (1752 ұпай) мен Бразилия (1725 ұпай) жайғасқан.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы осы айда екі матч өткізді. Алдымен 11 қазанда Алматыда Албания құрамасымен тең түскен еді (0:0). Бірақ 4 күннен кейін сырт алаңда Беларусьтен 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

ФИФА рейтингісі:

1. Бельгия — 1765 очка

2. Франция — 1752

3. Бразилия — 1725

4. Англия — 1669

5. Португалия — 1661

6. Испания — 1639

7. Уругвай — 1637

8. Аргентина — 1636

9. Хорватия — 1634

10. Колумбия — 1631

...

119. Қазақстан - 1153.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×