«Қайсар» тағы екі легионермен қош айтысты

27.11.2020, 01:25
«Қайсардың» құрамында тек екі легионер ғана қалды.
«Қайсар» тағы екі легионермен қош айтысты

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Қайсардың" легионерлері - қорғаушы Иван Граф пен жартылай қорғаушы Кларенс Битанг команда орналасқан жерден кетіп қалды.

Хорватиялық футболшының жарақаты бар, сондықтан ол емделуге кетті. Ол мансабын "Қайсарда" жалғастыра ма, жоқ па - белгісіз. Камерундыққа келетін болсақ, ол отанына кетуге шешім қабылдады.

"Қайсардың" қарамағында тек екі шетелдік футболшы қалды - сербиялық Александр Станисавлевич пен голландиялық Элвин Фортес.

Бұған дейін Стойчо Младенов бастаған жаттықтырушылар құрамының Алматыдан кетіп қалғаны белгілі болды. Команда капитаны Асхат Тағыбергенмен болған жанжал басты себептердің бірі ретінде қарастырылуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×