«Қайсар» украиналық клубпен тең түсті

24.02.2021, 02:18
Бүгінгі матчқа «Қайсар» сапында жергілікті ойыншылар көптеп қатысты.
«Қайсар» украиналық клубпен тең түсті

Бүгін қызылордалық "Қайсар" Түркиядағы кезекті жолдастық кездесуін украиналық "Впк-Агро" командасына қарсы өткізді.

Сұлтан Әбілдаевтің шәкірттері кездесу барысында алғаш болып қақпаларына доп енгізіп алды. Кездесудің 4-минутында қонақтар есеп ашып. "Қасқырлар" тайлы-тұяғымен шабуылға шыққанымен ойынның бірінші жартысында есепті теңестіру мүмкін болмады. Кездесудің екінші бөлігінде алаңға тыңнан ойыншылар шығып, қарсылас қақпасын нысанаға алумен болды. Кездесудің 79-минутында Мақсат Байжановтың бұрыштамадан асырған пасына Данияр Әлімжан бірінші жетіп, таразы басын теңестірді. Осылайша матч тең есеппен аяқталды.

"Қайсардың" негізгі құрамы: Салайдын (Леонов), Әмірсеитов (Сарбай), Потапов (қаралымдағы ойыншы), НДойе (Алтаев), Карпович (Жақсыбаев), Денкович (Құлмағанбетов), Нәрзілдаев (Байжанов), Құлмағанбетов (Әлімжан), Махан (Кеңесов), Қаралымдағы ойыншы, Лаукжемяс (Абзалов)

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×