Дінмұхаммед Қашкен мансабын Қазақстанда жалғастырады

24.02.2021, 02:37
Жас футболшы бұған дейін болгариялық клубтың ОЖЖ-на қатысқан еді.
Дінмұхаммед Қашкен мансабын Қазақстанда жалғастырады

21 жастағы Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Дінмұхаммед Қашкен "Ақтөбе" клубының орналасқан жеріне келді.

Қазақстандық қорғаушы бұған дейін болгариялық "Славия" командасына қаралымға барған еді. Бірақ "Славияның" бас бапкері Александр Тарханов қазақстандық футболшының қызметінен бас тартқан. Кашкен команданың Түркияда өткізген барлық оқу-жаттығу жиындарына қатысты, сынақ матчтарда өнер көрсетті, бірақ бас бапкердің сеніміне кіре алмады.

Қашкен - "Астананың" тәрбиеленушісі. Бала кезінде "Атлетико Мадрид" академиясында тәлім алды, содан кейін Қазақстанға қайта оралды, мұнда "Астананың" жасөспірімдер командасында, сондай-ақ "Жетісу Ж" командасында доп тепті. Өткен маусымда Қашкен "Қайсар" сапында 7 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×