«Тобыл» ОЖЖ-дағы соңғы матчын өткізді

24.02.2021, 03:07
Бабаян Түркиядағы ОЖЖ-да төрт кездесу жоспарланған деп мәлімдеген еді.
«Тобыл» ОЖЖ-дағы соңғы матчын өткізді

Қостанайлық "Тобыл" Түркиядағы ОЖЖ аясында төртінші жолдастық кездесуін ресейлік "Олимп-Долгопрудный" клубына қарсы өткізді. Матч 0:0 есебісен аяқталды.

"Тобылдың" негізгі құрамы: Цуприков - Валиуллин, Әбілғазы, Малый, Семченков - Тағыберген, Жарынбетов, Манзорро, Тони Сильва, Мужиков (к) - Өміртаев.

Айта кетейік, "Тобыл" бүгін осы жаттығу жиынындағы соңғы матчын өткізді. Бабаян шәкірттері бұған дейін РФШ (0:0), "Дила" (0:2) және "Оренбург" (1:0) клубымен кездескен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×