«Қайрат» «Ротор» клубын еш қиындықсыз жеңді

24.02.2021, 03:20
Екі команда да оқу-жаттығу жиынын аяқтады.
«Қайрат» «Ротор» клубын еш қиындықсыз жеңді

"Қайрат" Түркиядағы ОЖЖ аясында соңғы кездесуін волгоградтық "Ротор" клубына қарсы өткізді. Матч 4:1 есебімен алматылық команданың пайдасына аяқталды. "Қайрат" сапынан Гүлжігіт Алықұлов (2 гол), Артур Шушеначев және Арсен Буранчиев мергендігімен көзге түсті.

"Қайраттың" негізгі құрамы: Устименко - Кейлер, Поляков, Широбоков, Астанов - Буранчиев, Үсенов, Абдулла, Алықұлов - Шушеначев, Эсеола.

"Ротор" командасындағы қазақстандық ойыншылардың ешқайсысы бұл ойынға қатыспады. Ал "Астананың" бұрынғы ойыншысы Иван Маевский матчқа толық қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×