Григорий Бабаян Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын қорытындылады

24.02.2021, 17:25
«Тобыл» төрт кездесу өткізіп, біреуінде ғана жеңіске жетті, екеуінде тең түсті.
Григорий Бабаян Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын қорытындылады

«Тобылдың» бас бапкері Григорий Бабаян ресейлік «Олимп-Долгопрудный» командасымен болған жолдастық кездесу туралы пікір білдіріп, Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын қорытындылады:

- Бүгін біз Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында соңғы кездесуімізді өткіздік. Тағы бір айта кетерім, біз тағы да әр таймда әртүрлі құраммен ойнадық. Біз допты жақсы бақыладық, бізде ұйымдастырушылық жағынан үлкен қиындықтар болған жоқ, бірақ маған команданың қарсыластардың жарты алаңында доппен жұмыс жасағаны ұнамады. Ойынның суретін көру, жігіттердің физикалық жағдайларын бағалау маңызды болды.

Бұл жақсы кездесу болды, біз қажетті нәтижеге қол жеткіздік. Біз қазір командаға ауыр жүктеме бергіміз келмейді, бізді ҚР Суперкубогінде тағы екі матч күтіп тұр. Әрине, бұл маңызды турнир, бірақ сонымен бірге біз бұл турнирдің оңтайлы формаға ену үшін, чемпионатқа жақсы жағдайда келуіміз үшін қажет екенін түсінеміз.

Жігіттер осы жаттығу жиындарында жақсы жұмыс жасады. Кейбір позицияларды нығайта алдық. Бізге Түркияда қосылғандар әлі күнге дейін бабына келе алмауда, оларға әлі уақыт керек. Жалпы, біз Анталияда барлық жоспарланған тапсырмаларды орындадық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×