«Тараз» негізгі қорғаушысымен қош айтыспақ

24.02.2021, 18:22
Бұл позицияда биыл Елдос Ахметов пен Обилор өнер көрсетеді.
«Тараз» негізгі қорғаушысымен қош айтыспақ

23 жастағы қазақстандық қорғаушы Бекзат Шадманов "Тараздан" кетеді, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Жамбыл футболының тәрбиеленушісі кәсіби мансабын 2017 жылы бастаған. Премьер-лигадағы алғашқы кездесуін "Атырауға" қарсы матчта өткізді (1:2). Шадманов өткен маусымда "Тараз" сапында 16 матчқа қатысты. 2017-2018 жылдар аралығында Қазақстан жастар құрамасына шақыртылып, 3 матчқа қатысты.

Бекзат жалпы "Тараз" жейдесінде 94 матч өткізіп, 2 гол соққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×