"Қайсарға" қаржы қажет

06.01.2011, 04:56
"Қайсарға" қаржы қажет

Қызылордалық "Қайсар клубы осы күндері қаржылық көмекке зәру. Облыстық бюджеттен бөлінген 350 млн. теңге клуб үшін жеткіліксіз деген болжамдар айтылуда.

Әрине премьер-лигада өнер көрсететін клуб үшін көрсетілген сомадағы қаражат ең төменгі болып саналады. Себебі өзге бақталас командалар шети елде оқу жаттығу өткізіп, қосындарына мықты деген футболшыар шақыртуда.

Ал өкінішке қарай еліміздегі ең қазақы команда саналатын "ҚАЙСАР"  биыл тағы да жетім баланың күйін кешуі ықтимал. Облыстағы спорт басқармасы мен тиісті орындар мәселенің бетін дәл осы уақытта тойтарып, шешімін шығармаса уақыт өте бармақ шайнап қалулары ықтимал.

Әрине бұл жағдайда қызылордалық футбол жанкүйерлеріне обал болғалы тұр. Облыстың намысын қорғайтын жалғыз клубқа қол ұшын беріп, тұңғиықтан шығармаса біріншілік басталған уақытта барлығы кеш болары түсінікті. Онысымен қатар командағы әлі күнге дейін бас бапкер тағайындалмаған.

Елжас ӘУРЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×