Қазақстанның белгілі футбол маманы Қанат Мұсатаев ҚФФ спорттық директорының орынбасары болып тағайындалды.
Спорттық дерегі:
Бапкерлік кезеңі: 2004 ж — «Ордабасы» (Шымкент) ФК жаттықтырушысы
2005 ж — «Шахтер» (Қарағанды) ФК менеджері
2006 ж— «Железнодорожник» (Алматы) ФК жаттықтырушысы
2007–10 жылдар. — «Ордабасы» (Шымкент) ФК жаттықтырушысы
2011 — «Тарлан» (Шымкент) Бас бапкері
2012 жылдың ақпанынан бастап — ҚФФ спорттық директорының орынбасары
Кәсіби футболшы ретінде «СКИФ — Ордабасы» (Шымкент), «Шахтер» (Қарағанды), «Ертіс» (Павлодар),«Тараз», «Қайсар» (Қызылорда), «Есіл — Богатырь» (Петропавл) сынды клубтарда өнер көрсеткен.
1994 жылғы Қазақстананның үздік ойыншысы. Қазақстанның үздік 33 ойыншысы тізіміне 5 мәрте енген.
Ұлттық құрама сапында 9 ойын өткізген. "А" жаттықтырушылар лицензиясының иегері.
Отбасылы, 4 баланың әкесі.
http://kff.kz