ҚАРА ҚҰРЛЫҚ ТӘЖІНЕ ҮМІТКЕР ҚОС МЫҚТЫ БЕЛГІЛІ

10.02.2012, 07:14
ҚАРА ҚҰРЛЫҚ ТӘЖІНЕ ҮМІТКЕР ҚОС МЫҚТЫ БЕЛГІЛІ
Жартылай финалда Гана құрамасын қапы қалдырған Замбия,   Африка кубогы жолындағы доданың ақтық сынынан орын алды. Ширек сында Суданның қақпасына жауапсыз үш гол тоғытқан Замбия жартылай финалда  Африкадағы ең беделді  құрамалардың бірі – Гананы жер қаратып кеткені кішігірім сенсация болды. Кездесудің 45-минутында Жервиньо соққан жалғыз гол Гана құрамасының бар үмітін жоққа шығарды. Биылғы додада қақпасына бір доп жібермеген КотДИваур екінші жартылай финалдық бәсекеде дәл осындай есеппен Малиден басым түсті.  Африка кубогының 2012 жылғы жеңімпазын анықтайтын   ақтық матч 12 ақпан күні Габон астанасы Либревильде  өтеді. КТК
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Хиддинкизм
Келесі жаңалық
Капелло тағынан кетті
Aladop Youtube
×