Капелло тағынан кетті

10.02.2012, 07:17
Капелло тағынан кетті
Еуропа чемпионатына тура төрт ай қалғанда    Англия ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы  Фабио Капелло өз еркімен  отставкіге кетті.  Италиялық маман Англия футбол федерациясы басшылығы  ұлттық құраманың қорғаушысы  Джон Терриден капитандық статусты алып тастағаны үшін   осындай шешімге тоқтаған.  Джон Терридің капитан болып қалуын қалаған Фабио Капелло федерация шешіміне қарсы болғанын жасырған жоқ. Мұндай мәселені  алдымен азаматтық сот алдында талқылауды жөн санаған Фабио Капеллоны тыңдаған ешкім болмады. Нәтижесінде екі  жақ ажырасып тынды. Сәрсенбі күні федерация басшысы Дэвид Бернстайнмен кездескен Капелло, соңынан өзінің отсавкіге кететінін мәлімдеген.  Британиялық  БАҚ таратқан соңғы мәліметтерге сүйенсек,  Еуропа чемпионаты кезінде ұлттық құрамаға “Тоттенхэмнің” жаттықтырушысы Гари Реднапп жетекшілік ететін көрінеді.   Сонымен Англия құрамасына төрт жыл қызмет істеген  Фабио Капеллоның тұманды альбиондағы эпопеясы осындай оқиғамен үзілді. http://ktk.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×