Голландия чемпионатында қос команда көш бастады

10.02.2012, 07:17
Голландия чемпионатында қос команда  көш бастады
 Бүгінгі турға дейін “Эиндховеннен” екі ұпай қалып келе жатқан “Аз Алкмаар” лидерді қуып жетті. Осы күнге шейін турнир кестесінде жеке-дара көш бастап келген “Эиндховен” 20-турда  “Хераклеспен” ұпай бөлісуге мәжбүр болды. Өз кезегінде басты қарсыластың мүлт кеткенін епті пайдаланған “Алкмаар” сырт алаңда “Адо Ден Хааг” клубын ірі есеппен тізе бүктірді. Гаага қаласындағы “Киосера” стадионында өткен матчта алаң иелері өз қақпасына бақандай алты гол жіберіп алды.  Қонақтар сапында ерекше көзге түскен Чарлисон Беншол үш голдың авторы атанса,  Джози  Алтидор өз есебіне екі доп жазды. Тағы бір гол Мартен Мартенстің есебінде. http://ktk.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×