Елордалық клуб Анталияға жиналуда

10.02.2012, 07:19
Елордалық клуб Анталияға жиналуда
Бүгін таңертең Түркияда «Астана» футбол клубы екінші оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Соңғы 2 аптада елорда аяқ допшылары күшейтілген режимде, яғни күніне екі рет жасыл алаңда шынықты. Осы аралықта команда 3 жолдастық кездесу өткізді. Қазақстандықтар Грузия, Молдова және Чехия клубтарымен тәжірибе алмасты. Алғашқы ойында Руставидің «Металлургын» минималдық есеппен жеңді жерлестер. Жалғыз голдың авторы - Сергей Гридин, екінші кездесуде Кишиневаның «Академия» ойыншыларына 1-3 есебімен есе жіберді. Ал үшінші матчта чехтің «Баник» клубымен 2-2 есебімен тең түсті. Енді елордалықтар аз уақыт демалып, Анталияда қайта жиналады. Ол Қазақстан чемпионатының алдындағы соңғы дайындық болмақ. http://kaztrk.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×