Қазақ аяқдопшысына ескерткіш керек пе?

22.11.2011, 21:03
Қазақ аяқдопшысына ескерткіш керек пе?

Осыдан бірнеше ай бұрын біз "Аладоп.кз" сайтында  "Аяқдопшыларға қойылған ескерткіштер" деген мақала жарияған болатынбыз. Көпшілік оқырман қауым сол кезде өз пікірлерін айтып, қазақ аяқдопшысына да ескерткіш қоятын кез келгенін білдірген. Біз де сол мақаламызда түрлі ұсыныстар келтіріп, мән-жайдың анық-қанығына барған болатынбыз. Осы мәселеге өзінше үн қатқысы келген досым, Айжан Серкібавеваның Мәскеуде түсірілген мына суреттерін назарларыңызға ұсынамыз. Қазақ футболына бей-жай қарамайтын Қазақ ұлттық университетінің магистранты Айжанға ризашылығымызды білдіреміз. Егер де, қадырменді жанкүйер осы мәселеге алып-қосарларыңыз болса үндеу тастаңыздар.

Третьяков галереясынан түсірілген фотолар                                                                              
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×