ҚАЗАҚ ФУТБОЛШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰНЫ ҚАНША?

05.09.2013, 23:32
ҚАЗАҚ ФУТБОЛШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰНЫ ҚАНША?
Футболдан әлем чемпионатының іріктеу турниріне қатысып жатқан командалар алдағы күндері жасыл алаңға шығып, өз өнерлерін паш етеді. Солардың арасында Қазақстан құрамасы да бар. Жерлестеріміз «Астана-аренада» Фаррер аралдары құрамасын қабылдайды. 
Осы бәсеке қарсаңында немістің «Transfermarkt» сайты аталмыш мемлекеттердің туы астында өнер көрсетіп жүрген ойыншылардың трансферлік құны қанша екенін санап шығып, бұл мәліметті көпшілік назарына ұсынды. Сол дерекке сүйенсек, біздің теңбіл доп шеберлеріміздің (24 адам) жалпы құны 6 300 000 евроны құрайды екен. Аралдықтардың (20 адам) құны – 1 625 000 евро. Яғни қазақстандық футболшылар қарсыластарына қарағанда төрт есе қымбат екен. Жерлестеріміздің арасынан ең бағалы ойыншылар көшін Алексей Мулдаров, Константин Энгель және Таңат Нөсербаев бастап тұр. Олардың құны – 500 000 евро. Егер осы әңгімені одан әрі өрбітетін болсақ, Қазақстан құрамасы сапындағы әр ойыншының құны мынадай:

Қақпашылар – Андрей Сидельников («Ақтөбе») – 200 000 евро, Александр Мокин («Шахтер») – 150 000 евро, Антон Цирин («Жетісу») – 150 000 евро. Қорғаушылар – ҚайратНұрдәулетов («Астана») – 250 000 евро, Андрей Порываев («Шахтер») – 400 000 евро, Юрий Логвиненко («Ақтөбе») – 300 000 евро, Алексей Мулдаров («Ақтөбе») – 500 000 евро, Виктор Дмитренко («Астана») – 350 000 евро, Марк Гурман («Қайрат») – 200 000 евро, Александр Кислицын («Қайрат») – 250 000 евро, Константин Энгель («Энергии» Котбус, Германия) – 500 000.Жартылай қорғаушылар – Нұрбол Жұмасқалиев («Тобол») – 200 000 евро, МақсатБайжанов («Шахтер») – 100 000 евро, Марат Хайруллин («Ақтөбе») – 150 000 евро, Валерий Коробкин («Астана») – 250 000, Дмитрий Шомко («Ертіс») – 200 000 евро, Андрей Карпович («Ордабасы», Шымкент) – 400 000 евро, Анатолий Богданов («Тобыл») – 100 000 евро.Шабуылшылар –ТаңатНөсербаев («Астана») – 500 000 евро, Андрей Финонченко («Шахтер») – 200 000 евро, Сергей Хижниченко («Шахтер») – 250 000 евро, Сергей Остапенко («Астана») – 300 000 евро, Алексей Щеткин («Атырау») – 100 000 евро, Игорь Юрин («Ертіс») – 300 000. Ал Феррер аралдары ойыншылары арасындағы ең қымбаты Данияның «Силькеборг» клубының шабуылшысы Кристиан Хольст. Бұл жігіттің құны –  300 000 еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×