Қазақ футболына көзқарас әлi төмен

04.03.2011, 17:27
Қазақ футболына көзқарас әлi төмен

Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн спорттың әр түрiнен өз бiрiншiлiгiн өткiзiп келедi. Соның iшiнде алдымен ауызға алатынымыз әлемде №1 спорт түрi саналатын – футбол екенi даусыз. Осы футболдың жайы елiмiзде қандай? Жақсы деп айтуға ауыз бармайды. Нашар деп айтсам, лайықты бағасын бергенiм болар. Ал осы футболдың деңгейiн қалай көтеруге болады? Ол үшiн қазақ футболына мемлекет деңгейiнде көзқарас, үкiмет тарапынан айрықша қамқорлық қажет. Алдымен, бұқаралық спорт кең қанат жайып, әрбiр ауылда, мектепте, жоғары оқу орындарында физкультура мен спорт жастардың серiгiне айналуы керек. Ауылдық жерлерде футбол алаңында ойнап жүрген балаларды қазiр кездестiрмейсiз. Мектептердiң спорт залдары волейбол, баскетбол ойындары болмаса футболға бармайды. Соңғы жылдары Атырауда облыс әкiмiнiң қолдауымен бiрнеше жерде, мектеп аулаларында шағын футбол алаңдары салынды. Өкiнiшке қарай, сол алаңдарда да футбол ойнап жүрген балаларды кездестiрмейсiң. Жастардың спортқа деген ынтасын арттырып, талпынысын қолдап отырғанымыз ғанибет. 6 наурыз күнi Қазақстан футбол бiрiншiлiгiнiң премьер-лигасының жалауы көтерiледi. 20-шы рет өткiзiлейiн деп отырған бiрiншiлiкке 12 команда қатысады. Олар: “Тобыл” (Қостанай), “Локомотив” (Астана), “Ақтөбе” (Ақтөбе), “Ертiс” (Павлодар), “Атырау” (Атырау), “Шахтер” (Қарағанды), “Жетiсу” (Талдықорған), “Ордабасы” (Шымкент), “Қайрат” (Алматы), “Тараз” (Тараз), “Восток” (Өскемен), “Қайсар” (Қызылорда). Бiрiншiлiкке, яғни премьер-лигаға 14 команданы қатыстырса және команданың бапкерлерi неғұрлым ұлт ойыншыларын ойнатуына ҚФФ-ның жауапты адамдары пәрмен берсе. Сонда құрама команда сапында да қазақ ойыншылары 70 пайыздан кем болмас едi. Биылғы жылы 2012 жылы өтетiн Еуропа чемпионатының iрiктеу ойындары жалғасады. Әзiрге Қазақстанның қоржынында 4 ойыннан 0 ұпай және 0 – 10 доп айырмасы. Бернд Шторк (немiс маманы) кеткен соң 4 айдай бос тұрған жауапты лауазымға чех маманы Мирослав Беранек тағайындалды. Осы маманның басшылығымен өткiзiлген жолдастық кездесуде Беларусь командасымен 1:1 есебiмен тең ойнадық. Баспасөз бетiнде мамандар мұны үлкен жетiстiк деп жазып жатты. Менiң ойымша, жолдастық кездесудiң нәтижесiне аса мән беруге болмайды. Ресми ойындарда, iрiктеу мен чемпионаттың ойындарындағы нәтиже маңызды. Қазақстан футбол Федерациясының жауапты адамдарының 2016 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алуымыз керек деген пiкiрлерi де баспасөзде көрiнiп қалды. Қазақ футболының қазiргi деңгейiне қарап отырып, бұл пiкiрдi “арыстан айға секiрiп мерт болыптының” керi деуге болады. Биылғы жылғы бiрiншiлiктiң де ойын күнтiзбесi шықты. Бiрiншiлiк өте ерте басталып жүр. Бұл кезде қыстың қаһары әлi кете қоймаған (көктем айы болса да) қолайсыз мерзiм. Сондықтан бiрiншiлiктi наурыз айының аяғына қарай бастап, қазан айының аяғында аяқтаса қолайлы болады. Және соңғы кезде ойналып жүрген Суперкубок матчымен аяқтау керек. Сонымен қатар, бiрiншiлiктi екi айналымнан кейiн аяқтаған дұрыс. Өткен жылы екi айналымнан кейiн алғашқы алтылықты екi реттен ойнатты. Ол артық. Бастысы – әрбiр команданың негiзiн қазақ ойыншылары құрау керек. Ұлттық намыс – қазақ футболына тән қасиет болғаны әбден қажет.

Ибатолла Сәтенұлы, Атырау облысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.79
П2
2.865
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.745
Ничья
3.91
П2
1.987
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.159
Ничья
8.95
П2
19
Aladop Youtube
×