Қазақ клубтары еурокубокке қатыспауы мүмкін

13.05.2020, 02:28
Қазақ клубтары еурокубокке қатыспауы мүмкін

Қазақстандық клубтар келер маусымда чемпиондар лигасы мен еуропа лигасына қатыса алмай қалуы мүмкін. Еуропада ағымдағы маусымның жазға дейін созылуы мен өткен жылда бастау алған еуропалық матчтардың уақытылы аяқталмауы жаз мезгілінде өтетін квалификациялық ойындардың қысқаруына әсер етеді.  «The Times» басылымының дерегіне сүйенсек, 2020-21 жылғы еуропалық футбол 20 қазанда басталады. Ал Уефа жүктеменің санын арттырмас үшін топтық кезеңде ойнауға мүмкіндік беретін матчтарды қысқартып тастайды делінген. Бұл жерде клубтық рейтинг де үлкен рөл ойнайды. Уефа бұл тартысқа топ-12-ге кірген мемлекеттердің клубтарын ғана қатыстырады. Ал Қазақстан аталған тізімде 24 орында. Еуропада келер маусымда ел атынан «Астана», «Қайрат»,  «Ордабасы» және «Қайсар» бақ сынау керек. 

****

Франциянің ішкі чемпионаты уақытынан бұрын аяқталып, ПСЖ соңғы 8 жылда жетінші рет чемпион атанған еді. Бұл марапаттан бөлек, Неймар, Мбаппе бастаған команда ойыншыларына ерекше сыйлық дайындалған. Әр футболшыға жеңімпаз атанғандары үшін 24 караттық алтын чехол сыйланады. Телефон қаптамасында ойыншының аты, жейдесіндегі нөмір және клуб эмблемасы бейнеленеді. Сыйлық деп осыны айт!

****

«Реал Мадрид» қақпашысы бірініш айтуын айтып алып, енді сол айтқанын түсіндіруіне тура келді. Тибо Куртуа соңғы сұхбаттарының бірінде Ла лига уақытынан бұрын аяқталатын болса турнирлік кестеде бірінші орында тұрған «Браселонаны» чемпион деп тануға қарсы екенін білдірген. «Чемпион турнир толық аяқталған соң әділ анықталуы керек. «Реал» мен «Барселона» арасында бар жоғы екі ұпай ғана. Мысалы, «Ливерпульды» алатын болсақ олбөлек әңгіме. Клопптың командасы екінші орыннан 25 ұпай алдыға шығып кеткен. Біз «Реал» әр кубок үшін соңына дейін таласамыз» — дейді бельгиялық футболшы.    

****

«Ювентус» жартылай қорғаушысы Италияға қайтудан бас тартуда. Адриен Рабьо жалақысын төмендетуге қарсылық білдіріп жатыр. Команда жаттығу жиындарын бастап кеткенменен француз әлі өз отанында. Біраз уақытқа дейін Юве сапынан бармауды көздейді екен. «L’Equipe» жазуына қарағанда, клуб ойынышының телефонға жауап бермей отырғанына, тәртіпке бағынбағанына байланысты шара қолданбақшы. Футболшының анасы әрі агенті ұлы АПЛ-дегі бір командада доп тебуі үшін осылай істетіп отыр деген де сыбыс бар. Рабьо Италияда жылына 8 миллион еуро табады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×