Қазақ пен қырғызға өзбек төреші

26.05.2012, 01:11
Қазақ пен қырғызға өзбек төреші
Маусымның 1-і күні Алматының Орталық стадионында өтетін Қазақстан және Қырғызстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесуге Өзбекстаннан келген төрешілер бригадасы қызмет етеді.
Ақпарат көздеріне сүйенсек, Қазақстан футбол федерациясы Өзбекстан футбол федерациясынан аталмыш матчқа төрешілер бөлу туралы ресми хат жолдапты. Сонымен, жаздың бірінші күні Алматының Орталық стадионында өзбек Олим Талибжанов бас төреші болса, Жахонгир Саидов пен Руслан Серазитдинов қапталдағы төрешілердің қызметтерін атқаратын болады. Бәрі де ФИФА арбитрлары. алаш арена
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×