Қазақстан аяқдопшыларының құқығын қорғайтын одақ керек пе?

22.01.2011, 02:44
Қазақстан аяқдопшыларының құқығын қорғайтын одақ керек пе?

Елімізде аяқдопшылардың құқығы үшін барын салып, оларды ешкім және еш жағдайда ренжітпеу үшін қызмет ететін қазақтың жас қызы бар. Әйгерім Сабралиевамен алғаш кездесіп, әңгімелескенімде аяқдопшылардың құқығын қорғайтын халықаралық ұйым жұмыс істеуде, ал Қазақстанда ол әлі күнге дейін еленбей келе жатқанын естідім, біраз таң қалғаным да бар.

Ал, Әйгерім болса, нағыз футбол жанкүйері. Ол – Қазақстандағы футбол фан-қозғалыстарының үйлестірушісі, оған қоса «Pro Football» қоғамдық қорының атқарушы директоры. Ол бұл жұмысқа біреу тағайындап қойып, амалсыздан жүрген адам емес. Керісінше өз қалауымен мойнына алған үлкен жұмыс. Алайда біз Әйгерімнің жеке жетістіктері мен оның өмірбаянына тоқталайын деп отырған жоқпыз. Қазақтың осы қызының атқарып жүрген жұмысынң қазақ футболы үшін қаншалықты керектігі және бүгінгі күнге қол жеткізген межелері жайында әңгіме қозғамақпыз. Енді, жоғарыда аталған «Pro Football» ұйымының не екенін түсіндіре кетсек. Бұл коммерциялық емес қазақстандық қоғамдық қор. 2009-жылдың шілде айында іргесі қаланған аталмыш ұйым футболды насихаттау және ойыншылардың құқықтарын қорғау сияқты игі қызметтерді жүзеге асырады.

Енді, осы ұйымның ең соңғы өткізген шарасына зер салатын болсақ, осы ұйымның ұйымдастыруымен еліміздің аяқдопшылары әлемдік футболға кішкене болса да үлестерін қосты. Яғни, «FIFPro WORLD XI» әлемдік құрамасының ойыншыларына өз дауыстарын берді. Бұл акцияға Қазақстанның 4 кәсіби клубынан келген 70 футболшы атсалысты. Атап өтетін болсақ, «Ақтөбе», «Локомотив», «Жетісу» және «Қайрат» командалары. Бірақ бұл бейбіт шара ғана болды. Шындығына келгенде аяқдопшылармыздың кәсібінде қарастырылмаған, бірақ түзетуге келетін жағдаяттар өте көп. Мысалға, осыдан екі жыл бұрын депутат Мұрат Әбенов мырза клубтардың премьер-лигаға қатысуы үшін төлейтін ақшаны, ережені бұзған үшін төленетін айыппұлдың құнын түсіруді сұраған болатын. Қазіргі кезде Еуропаның кез-келген елінің футболымен терезесі тең болған Ресейдің өзінде бізде көрсетілген соммалар жоқ екендігін келтірді. Бірақ бұл мәселе оңды шешімін тапқанына көзіміз жетпеді. Сонымен қатар, жоғарыда аты аталған Әйгерім Сабралиева осыдан бір жыл бұрын «FIFPro» ұйымының бас қосуына Қазақстан атынан қатысқан болатын. Сол жиында еліміздің футболда орын алып тұратын: ойыншылардың жалақысын уақытылы берілмеуі, түрлі келеңсіз жағдайлардың орын алуы туралы шетелдік мамандар хабардар екені белгілі болды. Осындай мәселелерді жөнге келтіру үшін Қазақстанда футбол палатасын құру керек, яғни футбол саласындағы барлық мамандардың құқығын қорғайтын ассоциацияның іргесін қалау керек. Бұған тағы бір кедергі бар: аталған ойды жүзеге асыру үшін кем дегенде 10 аяқдопшы «Қолдаймын!» деп келісімін беруі керек. Сонда, сол аяқдопшылардың құқығын қорғайтын ұйым ашу үшін футболшылардың өздерінің келісімі болмай тұр. Демек, біздің футбол саласында барлығы да керемет деп ойлауы мүмкін бәзбіреулер. Бірақ, бұл біз үшін әлі түсніксіз дилемма. Керісінше сүйікті спортшыларымыздың мүддесін қорғайтындай-ақ. Және дәл осы мәселе тек футболға ғана емес, басқа спорт түрлерін қамтыса екен дейміз. Илья Ильиннің басынан өткен жағдай естеріңізде болар? Бұл тек бір ғана спортшының проблемасы емес...

Еркеқыз Әл-Тарази

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×