«Жетісу» мен «Қызыл-Жар» арасындағы Премьер-лиганың 19-тур матчына Эльвира Нұрмустафина бас төреші ретінде тағайындалды.
Осылайша, ол Қазақстан Премьер-лигасында бас төреші ретінде қызмет атқарған алғашқы әйел адам болады.
Теміртаулық Эльвира Нұрмустафина 2019 жылдан бастап ФИФА төрешілерінің бірінші санатына кірді, бұл оған әйелдер арасындағы клубтық жарыстар мен Еуропадағы ұлттық құрамалардың матчтарында қазылық етуге мүмкіндік береді.
Ол бұған дейін әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасы және ЕУРО-2021 U19 турниріне іріктеу матчтарында, сондай-ақ Қазақстанның Бірінші және Екінші лигасында жұмыс істеген.
Біздің серіктес: FONBET