Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат ойыншылардың тізімі жарияланды

12.06.2021, 03:25
Жаңартылған тізімде көптеген өзгерістер орын алды.
Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат ойыншылардың тізімі жарияланды

«Transfermarkt» порталы Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін футболшылардың трансферлік бағаларын жаңартты, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Жаңартылған рейтинг бойынша ел біріншілігіндегі ең қымбат ойыншылардың ондығын «Астананың» армениялық жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян бастап тұр. Екінші орында «Қайраттың» польшалық легионері Яцек Гуральский тұр. Үздік үштікті «Қайраттың» қорғаушысы Дино Миканович түйіндеді.

Төртінші және бесінші орындарды да алматылық клубтың екі қорғаушысы – Раде Дугалич пен Нұралы Әліп бөлісіп тұр, аталған ойыншыларды неміс басылымы 1,7 миллион еуроға бағалады.

Ең қызығы, Премьер-лиганың ең қымбат он ойыншыларының қатарынан «Астананың» көшбасшысы Марин Томасов орын табылмады және (қазіргі трансферлік құны 1,0 миллион еуро) бұл тізімде небәрі 20-шы орынға жайғасты.

Жаңартылған рейтинг бойынша Премьер-лиганың ең қымбат 10 ойыншысы:

1. Тигран Барсегян («Астана») – 2,5 млн еуро;

2. Яцек Гуральский («Қайрат») – 2,3 млн еуро;

3. Дино Миканович («Қайрат») – 2,0 млн еуро;

4-5. Раде Дугалич («Қайрат») – 1,7 млн еуро;

4-5. Нұралы Әліп («Қайрат») – 1,7 млн еуро;

6. Игорь Сергеев («Ақтөбе») – 1,5 млн еуро;

7. Абзал Бейсебеков («Астана») – 1,4 млн еуро;

8. Небойша Косович («Қайрат») – 1,3 млн еуро;

9-10. Темірлан Ерланов («Ордабасы») – 1,2 млн еуро;

9-10. Стас Покатилов («Қайрат») – 1,2 млн еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×