«Қызыл-Жар» шабуылшысын қақпаға қойған Қырғызстан құрамасы Мьянманы ірі есеппен жеңді

11.06.2021, 23:22
Қырғызстан құрамасының үш қақпашысы да Жапонияға бара алмады.
«Қызыл-Жар» шабуылшысын қақпаға қойған Қырғызстан құрамасы Мьянманы ірі есеппен жеңді

Қырғызстан құрамасы 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу матчында Мьянманы 8:1 есебімен жеңді.

"Қайраттың" жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұлов алаңға негізгі құрамда шығып, матчтың 57-минутында орнын командаласына босатып берді. Ойыншы бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

"Қызыл-Жар" шабуылшысы Эрнист Батырканов осы матчта қақпа бағанын күзетті. Бұған Қырғызстан құрамасындағы үш қақпашының Жапония үкіметінің коронавирусқа қарсы ережелеріне байланысты ойыннан шеттетілуі себеп болды. Батырқанов матч бойы қақпаны қорғады және қарсыластың қауіпті соққыларын сенімді түрде қайтарып, өз қақпасына бір ғана гол жіберді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×