Қазақстан - Финляндия матчындағы үздік ойыншылардың есімі белгілі болды

13.10.2021, 15:55
Дубль жасаған шабуылшы матчтың үздік ойыншысы атанды.
Қазақстан - Финляндия матчындағы үздік ойыншылардың есімі белгілі болды

SofaScore аналитикалық порталы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан - Финляндия матчындағы үздік ойыншыларды анықтады.

Қазақстан құрамасында Сергей Малый 7,3 ұпай жинап, үздік ойыншы атанды. Үздік үштікте Нұралы Әліп (7.2) пен Игорь Шацкий (7.2) тұр.


Ал кездесудің үздік ойыншысы болып Финляндия ұлттық құрамасының шабуылшысы Теему Пукки (8.3) танылды. Ол кешегі матчта дубль жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×