Зайнутдинов пен Вороговский Франциямен болатын матчқа қатыса алмайды

13.10.2021, 15:41
Екі футболшы да кешегі ойында сары қағаз алды.
Зайнутдинов пен Вороговский Франциямен болатын матчқа қатыса алмайды

Қазақстан құрамасының екі футболшысы 2022 жылғы әлем чемпионатының Францияға қарсы өтетін келесі іріктеу матчына қатыса алмайды.

Финляндиямен болған матчта негізгі құрамда шыққан Бақтиер Зайнутдинов пен Ян Вороговский сары қағаз алды, бұл екі ойыншының да осы іріктеу кезеңіндегі екінші ескерту қағазы болды.

Осылайша, бұл футболшылар 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Францияға қарсы өтетін соңғы матчқа қатыспайды. Естеріңізге сала кетейік, матч 13 қарашадан 14 қарашаға қараған түні өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×