Талғат Байсуфинов: «Жігіттерге «футболмен сөйлеуді үйренейік» деп айтудан шаршадым»

13.10.2021, 15:10
Бас бапкер ұлттық құрамада тұрақтылықтың болмағанына налып отыр.
Талғат Байсуфинов: «Жігіттерге «футболмен сөйлеуді үйренейік» деп айтудан шаршадым»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Финляндияға қарсы өткен ойынды (0:2) қорытындылады:

- Біз өз мақсатымыз бен арманымыз туралы бірнеше рет айтқанбыз. Біздің жігіттерге көмектескен жанкүйерлерімізге алғыс айтамыз. Біз екі ойында да жеңілдік, басқа не айта аламын?

- Бірінші гол соғылған сәтте Бейсебеков қателесті. Клубта ол қапталда немесе жартылай қорғаушы ретінде ойнайды. Неге оның орнына сол Ерланов ойнамады?

- Матч аяқталды. Болары болды, бояуы сіңді. Біз не болатынын біле алмадық. Егер бұл қайталанатын болса, біз Темірлан Ерлановқа мүмкіндік берер едік. Абзалдың ұстанымына қатысты бұл біздің шешіміміз. Біз оған тәжірибелі ойыншы екенін және оның көмегіне мұқтаж екенімізді айттық. Қателікке келсек, біз әрқашан ойыншыларға қарсыластар қауіпті пас бергенде абай болу керектігін айтамыз, осылайша финдер гол соқты. Егер сіз өткен ойындарға қарасаңыз, онда Бейсебеков өз позициясында керемет ойнады. Мен бір ойыншыны бір нәрсеге кінәлай алмаймын.

- Өткен ойындарда орталық жартылай қорғаушылар көбінесе бір клубтың ойыншылары болды, олардың арасында жақсы түсіністік болды. Ал бұл екі ойында ойыншылар жиі позицияларын жоғалтып жатты.

- Бүгін «Тобылдан» Сергей Малый мен Асхат Тағыберген ойнады. Иә, сіз өзара түсіністік туралы дұрыс айтасыз, бірақ біз бір клубтан, әсіресе орталық аймаққа, кімді аламыз? Егер бізде осындай мүмкіндік болса, әрине, бұл бізге жақсы болар еді. Саша Марочкин, Серікжан Мужиков, Азат Нұрғалиев, Руслан Валиуллин жоқ, Асхат Тағыберген бүгін ғана алаңға шықты. Енді олар бізбен бірге емес, біз жаңа ойыншыларды шақырдық, оларға уақыт береміз. Мен ойыншыларға екі кездесуде де доптың алаң бойымен қозғалмағанын айттым. Ол кездегі ойындарда біз доппен және допсыз жүгірдік, бірақ қазір біз бірнеше метрге жүгіріп, допты қарсыласымызға беріп қоямыз.

- Біз бүгін де, соңғы ойында да бірінші таймды жақсы өткізгендей болдық. Екінші таймда, біз сәл ашылып, алға қарай ұмтылған кезде, қарымта шабуылдарды жібере бастаймыз. Бұл ойыншылардың қарқынды 90 минут бойы ұстай алмауына және бізің чемпионатта мұндай жылдам футболдың болмауымен байланысты ма?

- Бұл да өзекті мәселелердің бірі. Бірақ біздің чемпионаттың деңгейі қандай екенін айтпай-ақ қояйын. Мен Дмитрий Шомкомен сөйлестім, бірақ бүгін ол тіпті өтінімге енбеді. Ниет - бұл бір нәрсе, бірақ әдемі ойын көрсету, әсіресе осындай үзілістен кейін - мүлдем басқа нәрсе. Қателіктерді іздеп жатқарда, Қазақстан чемпионаты туралы жаман ештеңе айтпаймын, 

Бұл ұлттық құрама, ал егер таңдау саған түссе, онда бұл жерде сен ұлттық құрамаға сәйкес келетін деңгейді көрсетуің керек. Басты мәселе - біз өз ойынымызды жоғалтып алдық. Жігіттерге «футболмен сөйлеуді үйренейік» деп айтудан шаршадым. Бірақ біз мұны тұрақтылық болған кезде ғана үйренеміз. Кейбір жігіттерге, әсіресе жаңадан келгендерге қиын болуда. Бұл ақталу емес, бірақ біздің қарсыластарымыз жақсы деңгейде, жақсы клубтарда ойнайды, олар үнемі осындай қарқынмен ойнайды. Жігіттер жеңіске деген ниетпен ойнады және бар күштерін салды, бірақ ол нәтиже бермеді. Біз барлық кінәні өз мойнымызға аламыз, мен де. Жанкүйерлерге рахмет айтамыз, олар бәрібір бізді алға жетеледі.

- Рамазан Оразов қандай себеппен алаңға шықпады? 

- Біз үш ойыншыны бірден алмастырған кезде, Зайнутдиновке қарсыластың ұзын бойлы ойыншыларына қарсы жақсы ойнау үшін ұзын бойлы шабуылшыларды шығардық, ал Бахтиер төмен түсті. Тағыберген мен Қуатқа екі артқы жартылай қорғаушысымен ойнауға тапсырма берілді.

- Өткенде сіз біздің ойыншылардың психологиялық көңіл-күйі жоқ екенін айттыңыз. Ұлттық құрамада мұндай жағдайларда психологтар жұмыс жасай ма?

- Бұл сұрақты біздің басшылыққа қойыңыз. Олар қалай шешсе, солай болады. Біз психологпен ақылдасып, жұмыс жасауымыз керек. Егер сіз психолог болсаңыз және Нұр-Сұлтанда тұрсаңыз, хабарласыңыз, шәй ішіп, сол туралы сөйлесейік.

- Келесі оқу-жаттығу жиыны басқаша болады - сырт алаңда Франциямен бір матч, енді бізде турнирлік тапсырмалар жоқ. Біздің құрамада ұзақ уақыт жаттығып, өз мүмкіндіктерін ала алмаған ойыншылар жеткілікті. Франциямен болатын матчта оларға мүмкіндік беріле ме?

- Біздің мамандықта шыдамдылық маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз бұл тақырып бойынша жеке сөйлесеміз. Мен ойыншылардың бұған түсіністікпен қарағандарына ризамын. Сол Қасымды алыңыз. Қазір мен оны жаттығу үдерісінде басқаша көремін - ол командаластарымен жақсы байланыста және өзін басқара алады. Зайнутдинов пен Вороговский келесі ойынды жіберіп алады, сондықтан біз жағдайға қарай мүмкіндік береміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×