Еркін Тапалов: «Жеңіске жетуді көздеп едік, бірақ олай болмады»

13.10.2021, 04:00
Еркін психологиялық мәселелердің жоқ екенін айтты.
Еркін Тапалов: «Жеңіске жетуді көздеп едік, бірақ олай болмады»

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Еркін Тапалов 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Финляндияға қарсы өткен ойын (0:2) жайлы пікір білдірді.

- Босния мен Герцеговинамен болған ойыннан кейін бас бапкер жігіттерде психологиялық тұрғыдан мәселелердің бар екенін атап өтті. Бүгінгі мәселелер сізге кедергі болды ма?

- Бұл психологиялық проблема деп айтпас едім. Бұл ойында бізге қорғаныста концентрация жетіспеді. Психологиялық қысым бізге ешқандай әсер еткен жоқ. Біз жақсылап дайындалдық, ойынға талдау жасадық. Жеңіске жетуді көздеп едік, бірақ олай болмады. Біз жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. Бізді қолдап, соңғы минутқа дейін алға жетелегендері үшін көп рахмет.

- Қате пастар - Қазақстан құрамасы үшін үлкен мәселе. Қарсыластарыңызға қарағанда тағы қандай компоненттер бойынша әлсіз болдыңыздар?

- Иә, қателіктер бар. Финляндия құрамасының бүкіл ойыншылары Еуропада өнер көрсетеді, біз ішкі чемпионатта ғана ойнаймыз. Біз қателесеміз, иә. Бірақ мұндай жағдай бәрінің басында болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×