Қазақстан тағы да Финляндия құрамасынан жеңіліп қалды

13.10.2021, 02:55
АПЛ-де ойнайтын шабуылшы матч тағдырын шешіп кетті.
Қазақстан тағы да Финляндия құрамасынан жеңіліп қалды

Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Финляндиямен кездесті. "Астана Арена" стадионында өткен матч 0:2 есебімен финдердің пайдасына аяқталды.

Бірінші тайм аяқталар тұста Теему Пукки қорғаушылардың қателігін пайдаланып, ойындағы алғашқы голды соқты. Екінші тайм бастала салысымен дәл осы шабуылшы Ниссиланың пасынан кейін дубль жасады.

Талғат Маруаұлы шәкірттері бұл ойыннан кейін үш ұпаймен ең соңғы орында қала берді. Ал Финляндия 8 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×