Астанада Қазақстан Кубогінің ширек финалдық ойындарының жеребесі тартылды.
Қарсыласынан сүрінбей шыққан үздік сегіздік төмендегідей жұпта жартылай финалға таласатын болады:
«Қайсар» (Қызылорда) — «Астана» (Астана)
«Жетісу» (Талдықорған) — «Шахтер» (Қарағанды)
«Ақтөбе» (Ақтөбе) — «Ордабасы» (Шымкент)
«Ертіс» (Павлодар) — «Тобыл» (Қостанай).
Ширек финалдық ойындардың алғашқы кездесулері 19 қыркүйекте өтетін болса, қарымта матчтар сол айдың 29 жұлдызында ойналады.
Есет ТӨЛЕШ