Бүгін Қазақстан құрама командасы тағы бір ірі футбол додасының іріктеу сынын бастағалы тұр. 2016-жылы Франция жерінде өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын құрамамыз Астана арена стадионында санаулы сағаттан кейін басталатын матчпен бастамақ. Қарсыласымыз – Латвия командасы. Олардың да шама шарқысы біздің жігіттермен бірдей болғанымен Латыштар 2004 жылы Португалия жерінде өткен Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығып үлгерген болатын. латвиялықтардың бас бапкері Мариян Пахарь кезінде ағылшын премьер лигасында доп тепкен кәрі құрлық футболына бұрыннан танымал бапкер.
Бүгінгі матчқа шығатын футболшылардың ішінен біз Артем Рудневты ерекшелеп айтқымыз келеді. Германияның бундеслигасындағы Гамбург командасының футболшысы бүгін қазақстандық қорғаушыларға негізгі қауіпті төндіреді деп күтілуде.
Қазақстан құрама командасының бас бапкері Юрий Красножанның кешегі баспасөз мәслихатында айтуы бойынша Қырғызстан құрамасына қарсы ойыннан кейін біздің жігіттердің жеңіске деген ұмтылысы жаман емес. Естеріңізге сала кетсем осыдан бірер күн бұрын жерлестеріміз Қырғыстан құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Әрине, Қырғызстанды Латвиямен салыстыруға келмес, дей тұрғанымен жергілікті жанкүйерлердің алдында таңат Нөсербаев бастаған қазақ жігіттері намысты қолдан бермейді деп сенеміз.
Келесі кездесуін Қазақстан құрама командасы 10-қазан күні сыртта Голландия құрамасына қарсы өткізеді. Биылғы жылы жоспарланған төрт ойында ел құрамасы 4 ұпай алуды жоспарлап отыр.