Қазақстан мен Франция арасындағы матчқа жанкүйерлер қатыса ма?

19.03.2021, 00:23
Нұр-Сұлтан қаласы дәл қазіргі уақытта «қызыл» аймақта тұр.
Қазақстан мен Франция арасындағы матчқа жанкүйерлер қатыса ма?

2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Франция арасында болатын матчқа жанкүйерлер кіргізілмейтін болды, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Ойын 28 наурыз күні Нұр-Cұлтан қаласындағы "Астана Арена" стадионында өтеді. Бұл кездесу Талғат Байсуфинов шәкірттері үшін іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойын болғалы тұр. 

Екі ел арасындағы бәсекеге жанкүйерлерді кіргізу туралы сұраққа Астананың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова: "Жоқ, болмайды" - деп жауап берді. 

Осыдан бірнеше уақыт бұрын Қазақстан футбол федерациясы осы ойынға жанкүйерлердің кіруі ықтимал деген болатын. Алайда Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймаққа қайта кіргендіктен, карантиндік шаралар күшейді. Осыған байланысты Премьер-лиганың екінші турында болатын "Астана" - "Каспий" матчы да көрермендерсіз өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×