Қазақстан мен Молдова арасындағы матчтың төрешілері белгілі болды

28.03.2022, 19:08
Матч словакиялық төрешілерге сеніп тапсырылды.
Қазақстан мен Молдова арасындағы матчтың төрешілері белгілі болды

Иван Кружляк бастаған словакиялық төрешілер тобы Қазақстан мен Молдова арасындағы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта матчқа төрелік етеді.

Еске салайық, Кишиневте өткен алғашқы ойын 2:1 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталған болатын.

Қос команда арасындағы қарымта ойын ертең, 29 наурызда сағат 20:00-де «Астана Аренада» өтеді.

Төрешілер: Иван Кружляк, Бранислав Ханцко, Ян Позор, Филип Глова (барлығы – Словакия)

VAR-ға жауапты төрешілер: Паоло Валери, Даниэле Довери (екеуі де Италия)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×