Канада өз тарихында екінші рет әлем чемпионатына жолдама алды

28.03.2022, 14:10
Дәл қазіргі сәтте әлем біріншілігіне жолдама алған командалардың саны жиырмаға жетті.
Канада өз тарихында екінші рет әлем чемпионатына жолдама алды

Бүгін, 28 наурызда Канада құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Ямайканы 4:0 есебімен ұтты.

Осы матчтан кейін Канада 28 ұпаймен Солтүстік және Орталық Америка тобында бірінші орын алып, 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.

Канада өз тарихында екінші рет әлем чемпионатына қатысқалы жатыр. Олар бұған дейін 1986 жылғы мундиальда бақ сынаған еді.

Дәл қазіргі сәтте әлем біріншілігіне жолдама алған командалардың саны жиырмаға жетті:

  1. Катар - қабылдаушы ел
  2. Германия - J тобының жеңімпазы (11 қазан, 2021 ж.)
  3. Дания - F тобының жеңімпазы (12 қазан, 2021 ж.)
  4. Бразилия - Оңтүстік Америка тобының жеңімпазы (12 қараша, 2021 ж.)
  5. Бельгия - E тобының жеңімпазы (13 қараша, 2021 ж.)
  6. Франция - D тобының жеңімпазы (13 қараша, 2021 ж.)
  7. Хорватия - H тобының жеңімпазы (14 қараша, 2021 ж.)
  8. Испания - В тобының жеңімпазы (15 қараша, 2021 ж.)
  9. Сербия - А тобының жеңімпазы (15 қараша, 2021 ж.)
  10. Англия - I тобының жеңімпазы (15 қараша, 2021 ж.)
  11. Швейцария - С тобының жеңімпазы (15 қараша, 2021 ж.)
  12. Нидерланды - G тобының жеңімпазы (16 қараша, 2021 ж.)
  13. Аргентина – Оңтүстік Америка тобында 2-ші кепілдендірілген 4-орын (16 қараша, 2021 ж.)
  14. Иран - Азияның А тобындағы алғашқы орындардың біріне ие болды (27 қаңтар, 2022 ж.)
  15. Корея - Азияның А тобындағы алғашқы орындардың біріне ие болды (1 ақпан, 2022 ж.)
  16. Жапония - Азияның В тобындағы алғашқы орындардың біріне ие болды (24 наурыз, 2022 ж.)
  17. Сауд Арабиясы - Азияның В тобындағы алғашқы орындардың біріне ие болды (24 наурыз, 2022 ж.)
  18. Уругвай - Оңтүстік Америка тобында үздік төрттікке кірді (25 наурыз, 2022 ж.)
  19. Эквадор - Оңтүстік Америка тобында үздік төрттікке кірді (25 наурыз, 2022 ж.)
  20. Канада - Солтүстік Америка тобында үздік үштікке енді (28 наурыз, 2022 ж.)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×