Қазақстан Молдованы жеңді

09.01.2016, 22:25
Қазақстан Молдованы жеңді
"В" тобындағы соңғы ойында Қазақстан мен Молдова кездесті. Матчтың алғашқы бөлігі алма-кезек шабуылдармен өрбіді. Оралхан Өміртаев пен Геворг Наджарян екеуі тамаша пас алмасып, қауіпті сәттер жасады. Сонымен қатар, матч бойы белсенді болған Акмаль Бахтияровты да айта кетейік. Ойынның екінші таймында Қазақстан құрамасы бұрыштамадан гол соқты. Гол авторы Әлібек Қасым. Ойынның қалған минуттарында ешқандай гол салынбады. Молдовалықтардың таразы басын теңестіруінен гөрі отандастарымыздың есепті еселейтін мүмкіндіктері көбірек болды. Матчта Қазақстан құрамасы сапынан үздік ойыншы ретінде Әлібек Қасым танылды. aaaaaaaaaaa
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×