Қазақстан өз алаңында Литвадан жеңіліп, турнирді соңғы орынмен аяқтады

19.11.2020, 03:42
Қазақстан құрамасы алдағы уақытта Д лигасына түспеу үшін өтпелі матч ойнауы мүмкін.
Қазақстан өз алаңында Литвадан жеңіліп, турнирді соңғы орынмен аяқтады

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының соңғы матчында Литвадан жеңіліп қалды. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 1:2 есебімен аяқталды.

Ойын бастала салысымен Қазақстан ойынды өз бақылауына алды. Және 38 минутта Абат Айымбетов Асхат Тағыбергеннің бұрыштамадан асырған пасын голға айналдырды. Араға екі минут салып қонақтар сапынан Воробьев есепті теңестіріп кетті. Ал 50-минутта команда капитаны Исламбек Қуат екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Ойынның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Новиковас жеңісті жұлып әкетті.

Қазақстан құрамасы бұл ойыннан кейін 5 ұпаймен өз тобында соңғы орынға ие болды. Литва 8 ұпаймен үшінші орынын сақтап қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×