Фабрегас: «Гвардиоладан көңілім қалған. Ал Моуриньоны әлі күнге дейін досым деп санаймын»

19.11.2020, 04:20
Фабрегас «Челси» сапында 2014-2019 жылдар аралығында өнер көрсетті.
Фабрегас: «Гвардиоладан көңілім қалған. Ал Моуриньоны әлі күнге дейін досым деп санаймын»

"Монаконың" жартылай қорғаушысы Сеск Фабрегас өзінің мансабында бірге жұмыс істеген Хосеп Гвардиола ("Манчестер Сити") мен Жозе Моуриньо ("Тоттенхэм") туралы пікірімен бөлісті.

"Мен Гвардиоламен соңғы сегіз жылда байланыста болдым ба? Жоқ, мүлдем. Біздің бір-бірімізге деген өкпе-назымыз бар ма, білмеймін. Пеп бала кезімнен менің кумирім болды. Мүмкін, мен төрт жасымнан бастап одан көп білім алған шығармын.

Моуриньо мені "Барселонадан" кеткен кезде қатты шабыттандырды. Ол "Челсиде", ал мен "Арсеналда", содан кейін ол "Реалды" жаттықтырған кезде, ал мен "Барселона" сапында ойнаған сәтте ол менің ойыныма тәнті болғанын айтты, бірақ ол үшін бәрі аяқталды. Біз бұл парақты жаптық. Ол өзінің жобасы туралы айтты. Мен өзімнің ең жақсы футболымды көрсетемін деп ойлаған командаға баруым керек еді. "Челсиге" ауысу менің шешімім болды және бұл басқалардың айтқан сөзіне байланысты емес еді. Бұл сәтте кәсібилікке басымдық бердім. Мен Жозеге әлі күнге дейін хат жазып отырамын және оны досым деп санаймын. Ол маған мансабымның қиын кезеңінде көп көмектесті. Онымен мен, мүмкін, ең жақсы маусымдардың бірін өткізген шығармын", - деді Фабрегас Goal.com сайтына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×