Қазақстан құрамасының өтпелі матчтағы қарсыласы белгілі болды

19.11.2020 10:17 Ұлттық құрама

Матч наурыз айына жоспарланған.

Қазақстан құрамасының өтпелі матчтағы қарсыласы белгілі болды

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының С дивизионында қалу құқығына арналған плей-офф матчында Молдовамен ойнайды.

Бірінші матч 24-25 наурызда сырт алаңда, ал жауапты матч 28-29 наурызда болады. Екі кездесудің қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда С дивизионында қалады, ал жеңілген команда D дивизионына түсіп қалады.

Еске салайық, шешуші ойында Михал Билектің шәкірттері өз алаңында Литвадан жеңіліп қалды - 1:2. Жалпы, Ұлттар лигасының топтық кезеңінде Қазақстан 1 рет жеңіске жетіп, бір рет тең түсіп, 4 рет жеңіліске ұшырады (4 ұпай).

0 пікір