Қазақстан Премьер-лигасы қайта тоқтатылды

03.07.2020, 20:04
ҚПЛ 14 күнге тоқтатылды. Вирустың таралуы бәсеңдемесе одан бөлек тағы 2 аптаға созылады
Қазақстан Премьер-лигасы қайта тоқтатылды

Қазақстанның Кәсіпқой Футбол Лигасы футболдан Қазақстан чемпионатының уақытша тоқтатылатыны туралы жариялады.

Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі негізінде, Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуі мен COVID-19 ауруының көбеюін ескере отырып, 14 күнге шектеу шаралары 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап енгізіледі.

Іс-шаралар қатарында спорттық іс-шараларға тыйым салу да бар. Елдегі коронавирустық инфекцияның одан әрі дамуына байланысты шектеу шараларын тағы да 2 аптаға ұзартуға немесе күшейтуге болады. Осылайша, футбол бойынша Қазақстан чемпионаты матчтарын өткізу қолайсыз эпидемиологиялық жағдайда әзірге 14 күнге тоқтатыла тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×